Жаңалықтар

Онлайн-қабылдау өткізді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай ­Көлгінов азаматтарды онлайн-қабылдау ­өткізді. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Азаматтарды тұрақты түрде онлайн-қабылдап жатырмыз. Бүгін қала тұрғындары тұрғын үй, спортпен айналысу үшін жағдайды жақсарту және т. б. мәселелерді көтерді» деп жазды қала басшысы.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл қолжетімді тұрғын үй көлемі ұлғаяды. Әлеуметтік пәтерлер кезекте тұрған азаматтарға (халықтың әлеуметтік әлсіз топтары), «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшыларына беріледі. «Қазақстандық ипотекалық компаниямен» бірлесе отырып, дәрігерлер, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер, полицейлер және т. б. үшін бірқатар тұрғын үй саламыз» деп түсіндірді әкім. Сондай-ақ Алтай Көлгінов спорт нысандарын ашу және спортпен айналысуға жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілетінін, көтерілген мәселелер жоспарға енгізілгенін мәлім етті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button