Жаңалықтар

Оқушылар да қалдықты сұрыптайды

Тұрмыстық қалдықтарды бөліп тастауды насихаттау мақсатында елордалық мектептерде «Қайта өңдеу үшін сұрыпта» атты экология­лық шара ұйымдастырылды.

Бұл тұрғыда №14 мектеп-гимназияда оқушылар мен ата-аналар үшін қалдықты бөлек жинауға арналған тақырыптық сабақ өтті. Аталмыш білім ордасындағы эко-шараға жергілікті билік өкілдері мен экологиялық ұйымдар және мектеп ұжымы, оқушылар, ата-аналар қатысты.
Білім басқармасы мен тұрмыс­тық қалдықтарды тасымалдаумен айналысатын «Clean City» компаниясы арасындағы қайта өңделетін қалдықтарды тастауға арналған контейнерлерді мектеп аулаларына орнату жөніндегі меморандум аясында қаладағы әр мектепке 2 сары контейнерден қойылуда. Бұл контейнерлерге оқушылар макулатура, пластик, шыны және басқа да өңдеуге жататын қалдықтарды тастайды. Шараға белсенді қатысып, ең көп қалдық тапсырған сыныптар анықталып, жеңімпаздарға бір себеттен алма берілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button