Әлеумет

Оқушылар нені искеп жүр?

Соңғы кездері мектеп оқушылары «сергітетін» және «күлдіретін» заттарды жаппай иіскеп жүр. Өйткен себебі, вэйп, снюс сияқты әртүрлі темекіге ұқсас заттардың таралуын бақылау өте қиынға соғатын көрінеді. Елді елеңдеткен өткір мәселені сенатор Бақытжан Жұмағұлов көтерді.

«Таңғаларлығы, жай «сергітетін» осындай заттар еркін сатылады. Құзырлы министрлік бұл заттардың оқушылардың денсаулығына тигізетін зиянын зерттеді ме? Тағы бір мәселе, оқушылар қазір «энергетикалық сусындар» деп аталатын сергіткіш сусындармен әуестеніп жүр. Америкалық солдаттардың Вьетнамдағы соғыста осындай сергіткіш сусындар ішкенін оқыған едік. Сонда баланың денсаулығына қандай әсері бар?» деді депутат Сенаттағы Үкімет сағатында.
Еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин мұндай мәселенің бар екенін жоққа шығарған жоқ. Ол мұндай заттардың көптеп шығарылатынын, мемлекеттің бақылай алмай отырғанын жасырмай айтты. «Темекі бұйымдарының осы түрін («снюс») зерттеу нәтижесінде оның құрамында есірткі заттарының барын анықтадық. Сондықтан мектептерде таратуға тыйым салыну керек. Бұл мәселені Ішкі істер министрлігімен одан әрі тексеріп жатырмыз» деп жауап берді ол. Қазір біз әр баланың қолынан көретін энергетикалық сусындардың зияны туралы да көп айтылып жүр. Бірақ өкілетті органдардың бақылауына қарамастан, оқу орындарында сату тоқтаған жоқ. Жандарбек Бекшин құрамында ко­феині бар кейбір сергітетін сусындарды сатуға ғана шектеу қойылғанын мәлімдеді.
Осы аптада студентке қол жүгірткен шетелдік мұғалімге қатысты жанжалдың жай-жапсары мәлім болды. Білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева тілшілерге берген жауабында «оқиғаның болғанын» растады. Оның айтуынша, өткен өміріне назар аудармай, шетел азаматын жұмысқа қабылдаған мектеп басшылығы ата-аналарға жауап береді. «Еліміздегі еңбек заңнамасының нормалары жекеменшік мектептерде де қолданылады. Шетелдік мұғалімдер де сотталмағаны жөнінде анықтама тапсырады. Бұл мұғалімнің ондай қағазы болған. Бірақ неліктен осы оқиғаның орын алғанын тексеріп жатыр­мыз» деп түсіндірді ол. Сәл шегініс жасасақ, 2 қарашада Астанадағы «Quality Schools International» халық­аралық мектебінің оқытушысы студентке қол жүгірткені үшін жұмыс­тан қуылған еді. Британдық Guardian газеті 2011 жылы әлгі мұғалімнің Лондондағы колледждердің бірінен қырсыз қылығы үшін қуылғанын жазыпты.

Тағыда

Төлен Тілеубай

«Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button