Жаңалықтар

Орынбек олжалы болды

ERA_8241

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізді. Министр Арыстанбек Мұхамедиұлы тілдің дамуына айрықша үлес қосып жүрген төртінші билік өкілдерін мерекелерімен құттықтап, құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын тапсырды.

Мерекелік шараға ҚР Парламентінің депутаттары, БАҚ өкілдері, ғалымдар, жазушылар қатысып, эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.
Салтанатты жиында Арыстанбек Мұхамедиұлы бұқаралық ақпарат құралдары елдің әлемдік ақпараттық және мәдени кеңістіктегі орнын анықтап, әр мемлекеттің ішінде ғана емес, елдер мен халықтар арасындағы қоғамдық қатынастардың дамуына әсер ететіндігін атап өтті.
ҚР МСМ Тілдерді дамыту мен қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығымен бірлесе ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаздарына дипломдарын сенатор, Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин бастаған қазылар алқасының мүшелері табыстады.
Байқауға мемлекеттік тілдің ахуалы туралы 200-ден аса өткір де өзекті материалдар келіп түсіпті. Қазылар алқасы қатысушыларды «Үздік мақала», «Үздік телеарна бағдарламасы», «Үздік радио бағдарламасы», «Үздік сайт мақаласы» номинациялары бо­йынша бағалады.
Үздік мақала авторы «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің шолушысы Сүлеймен Мәмет атанды. Топ ішінен әріптесіміз, «Астана ақшамы» газетінің аға тілшісі Орынбек Өтемұрат та ерекшеленіп, ынталандыру сыйлығына ие болды.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button