Қала тіршілігі

Өжеттер өнегесі

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев «NovaCity» тұрғын үй кешенінде орын алған өрт кезінде құтқарушыларды күтпес­тен, балалар мен жас әйелдің өмірін аман алып қалған құрылысшыларды марапаттады.

Монолитші Руслан Беріков, Ақылбек Жақайы­мов, Дағыс­тан Әділбек, терезе орнатушы Жасұлан Байсейітов және инженер Руслан Жалбақов марапатталды. Оларға «Белсенді азамат» естелік мүсіндері, қала әкімінің атынан алғыс хаттар мен ақшалай сыйақы тапсырылды. Марапаттау рәсімі аяқталған соң өрт кезінде қайсарлық танытқан батырлардың бірі Жасұлан Байсейі­тов құрылысшылардың әрқайсысы от қоршауында қалғандарға көмек көрсетуді жөн көріп, оқиға орнынан табылғанын айтты.
– Бірінші кезекте, дүрбелеңге жол бермеу керектігін жақсы білемін. Екіншіден, барлығы да дұрыс ұйымдастырылуы тиіс. Біздің команда бірлесе әрекет еткендіктен, барлығы да ойдағыдай аяқталды, – деді ол.
– Біз адамдар үшін өте қуаныш­тымыз, ешқандай үрей жоқ еді. Менің мамандығым техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды талап етеді. Мен еңбекті қорғау инженерімін. Бірінші кезекте, дүрбелеңге жол бермеу керектігін жақсы білемін. Екіншіден, барлығы да дұрыс ұйымдастырылуы тиіс. Біздің команда бірлесе әрекет еткендіктен, барлығы да ойдағыдай аяқталды, – деді ол.
Батырларға алғысын білдіріп, олардың қаһармандылық танытқанын тілге тиек еткен Әсет Исекешев қоғамымызда өз басын үлкен қауіпке тігіп, көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын берер азаматтардың жоғалмағанын алға тартты.
– Сіздер белсенді азамат ретінде барлығымыз үшін, әсіресе, құтқарылған адамдардың туған-туысқандары үшін баға жетпес ерлік жасадыңыз­дар. Өжеттік, жанқиярлық және адам­гершілік сияқты адамға тән осы қасиеттер ең жоғары бағаға лайық, – деді әкім.
Астана қаласы Төтенше жағ­дайлар департаментінің бас­тығы Барат Дұзақбаевтың айтуынша, есімдері жоғарыда аталған қыз­меткерлер ведомстволық «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталуға ұсынылды.
Естеріңізге салсақ, 2 наурыз күні түс ауа «NovaCity» тұрғын үй кешенінде өрт шығып, құтқарушылар тобы жеткенше сол маңдағы қырағы құрылысшылар өз өмірлерін қатерге тігіп, үш бала мен жас келіншекті құтқарып қалған болатын.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button