Жаңалықтар

Панфиловты еске алды

Елорданың «Жерұйық» саябағында панфиловшылар ерлігінің 80 жылдығына орай Иван Панфилов ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

[smartslider3 slider=1149]

Салтанатты шараға ҚР Қорғаныс министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің басшылығы, Жоғары оқу орындары әскери кафедраларының студенттері мен оқытушылары қатысты.

«Осыдан тура 80 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін бүкіл Кеңес халқы, соның ішінде Қазақстан да жұмылдырылды. КСРО Қорғаныс министрлігі бас штабының директивасына сәйкес Алматыда 316-шы дивизия құрылды. Бішкекте бір полк, Алматыда екі полк құрылды. 14-15 қазанда фашистік басқыншылармен алғашқы шайқастар өтті. 16 қарашада біздің батырларымыз – 28-панфиловшылар өздерінің ұмытылмас ерліктерін жасады. 18 қарашада Мәскеу түбіндегі шайқаста бір ай бойы көрсеткен табандылығы үшін 316-атқыштар дивизиясы гвардия атағына ие болды және 8-гвардиялық атқыштар дивизиясына қайта құрылды. Сол күні Гусенов ауылында дивизия командирі генерал-майор Иван Васильевич Панфилов шайқаста қаза тапты» деді Нұр-Сұлтан қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі Ғани Артықов.

Гүл қою рәсімінен кейін қонақтар мен іс-шараға қатысушылар қаза тапқан сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button