Жаңалықтар

ПОЛЬША ВИЦЕ-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин елімізге жұмыс сапарымен келген Польша республи­касының даму вице-министрі Радослав Домагальски – Лабендзкимен кездесті. Тараптар экономикалық және мәдени сала­лардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

DSC_5748

Кездесуде Польша мем­лекеті ЭКСПО-2017 халық­аралық мамандан­дырылған көрмесіне қатысу туралы келісімге қол қойды. Маңызды құжатқа қол қою барысында елорда әкімінің орынбасары А.Лукин халықаралық көрмені өткізу екі жақты өзара іс-әрекетті дамытуға жақсы серпін беретінін атап өтті.
– Мен тәжірибесі мен технологиялары тұрғысынан поляк кәсіпорындарының ұсынары бар екеніне сенім­дімін, бұл тараптар үшін өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық орнатудың жақсы мүмкіндігі, – деді Андрей Лукин.
Оның айтуынша, Астана – екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жан-жақты дамуын қолдап, Варшава мен Гданьск сияқты бауырлас қалаларға баса назар аударып отырған көрінеді. Бүгінгі таңда 2020 жылға дейінгі екі астананың арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы дайындалуда.
Сонымен бірге поляк кәсіпкерлері бас қаладағы №1 Индустриалды парк аумағында инвесторлар үшін жасалған жағдайларға жоғары бағасын берді. Алдағы таңда елордада құрылыс материалдарын шығаратын поляк зауыттарының бірі іске қосылмақ. Қала әкімінің орынбасары өз сөзінде №2 Индус­триалды парктің ашылатынына тоқталып, оның еліміз аумағында бизнесті кеңейтуге мүмкіндік туғы­затынын айтып өтті.
Сондай-ақ, жүздесу барысында тараптар аймақтық, интеллектуалдық және туристік салаларда ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін сөз етті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button