Жаңалықтар

ҚАБАНБАЙ БАТЫР ДАҢҒЫЛЫ ЖАБЫЛАДЫ

Қабанбай батыр даңғылында Қорғалжын тас жолынан Республика даңғылына («Рамстор» дүкені жанындағы көпір) дейін жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 22 мамырда аталған жол бөлігінде көлік қозғалысы жабылады.

Сондай-ақ, 14 мамырдан 5 маусымға дейін Өзбекәлі Жәнібек көшесінің Айнакөл көшесінен Қошқарбаев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылды.

Сонымен қатар, 13-23 мамыр аралығында Бөкейхан көшесінің Кенесары көшесінен Ағыбай батыр көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі. 25 мамырға дейін Қошқарбаев көшесінің Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейінгі бөлігі жартылай жабылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button