Sport

«Қайрат» қапы қалдырды

Футболдан Қазақстан чемпионатының премьер-лигасында кезекті турдың ойындары өтті. Ел чемпионы атағына үміткердің бірі саналып келген «Астана» командасы «Қайрат» клубынан жеңіліп қалды.«Астана Арена» стадионында өткен матчтың бірінші кезеңінде астаналық Патрик Твумаси есеп ашқан еді. Алайда «Қайрат» футболшылары екінші кезеңде алаң иелерін екі мәрте қапыда қалдырды. Сөйтіп бұл ойын 2:1 болып алматылықтардың пайдасына шешілді. Ал, алтын жүлдеге бірден-бір үміткер команда «Ақтөбе» бұл жолы өз алаңында «Ертіс» командасын 3:1 есебімен тізе бүктірді. Чемпионаттың аяқталуына үш тур қалды. Әзірге «Ақтөбе» мен «Астана» арасын алты ұпай бөліп тұр.Турдың басқа ойындарында мынандай нәтижелер тіркелді: «Шахтер» – «Ордабасы» 3:0, «Жетісу» – «Атырау» 0:0, «Тобыл» – «Восток» 2:1, «Ақжайық» – «Тараз» 2:1.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button