Астана ауданы

Қалаулылар қар күреді

Қарашаның соңында қалың түскен қар қала тұрғындарын біраз әбігерге салғаны рас. Коммуналдық қызмет өз жұмыстарына қызу кіріскенімен, көшелерді қардан тазалап шығуға толық үлгере алмай көлік қана емес, жаяу жүргіншілерге де жүріп-тұруға қиындық келтірген еді. Қар тазалауға белсене кіріскен аудандар жұмысшылар мен техникаларды тәулік бойы қар тазалауға жұмылдырылды.

[smartslider3 slider=1165]

Есіл ауданы қар тазалауға 700 жол қызметкері мен 430-дан астам арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде қар полигонына 630-дан астам рейс жасалып, 12315 текше метрден артық қар шығарылды.

Қар тазалау жұмысына депутаттар да атсалысып, жастармен бірге саябақтар мен гүлзарларды қардан тазалауға атсалысты. Олардың арасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров пен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі Қарақат Әбден де бар.

– Қар – халықтың ырысы. Қардың мол түскеніне қуану керек. Өйткені қар көп түссе, жазда қуаңшылық болмайды. Ал оны күреудің өзі адамға күш-жігер, талпыныс береді. Денең шынығады, адамдармен әңгіме-дүкен құрасың. Сондықтан баршаңызды аулаларыңызға шығып, қар тазалау жұмысына атсалысыңыздар, – дейді Ерлан Саиров.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button