Әлеумет
Қар басу, боран, көктайғақ кезіндегі іс-қимыл
Жыл сайын қысқы мерзімде халық тек қана төмен температураның әсер етуінен ғана емес, сондай-ақ қар басу, боран, көктайғақ сияқты табиғат құбылыстарынан зардап шегеді. Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайының құрбаны болмас үшін кейбір ауа райы факторлары пайда болғандағы өз-өзін ұстау ережелерінің бірқатарын білу керек.
[smartslider3 slider=1432]
Қатты боран туралы ескертпе алған кезде не істеу керек:
- Терезелер, есіктер, шатырлардың есіктері мен вентиляциялық тесіктерді тығыздап жабу қажет;
- Терезе әйнектерін қағаз лентамен жабыстырып, қалқандармен жауып қою керек;
- Электрқуатын сөндіру мүмкіндігіне дайындалу;
- Су, тамақ, медикаменттер, жеке жарық беретін құралдар (шамдар, керосин шамдары/жанғыштар, балауыз шамдар);
- Сапарға арналған плитка, батарейкалы радиоқабылдағыш дайындау;
- Балкондар мен терезе астынан ауа ағынымен ұшып кететін заттарды алып тастау;
- Теледидар мен радиоқабылдағыштарды әрдайым қосылған күйінде ұстау керек, өйткені аса маңызды ақпараттық хабарлама түсуі мүмкін;
- Жеңіл құрылыстардан бекім ғимараттарға өтіңіз;
- Қарды жинау үшін құралдар дайындап қойыңыздар.
Қатта боран кезінде өз-өзін ұстау ережелері:
Қатты боран туралы хабарламаны алу кезінде:
- Бөлмеден тек қана аса маңызды жағдайда шығу керек, егер осындай жағдай болып қалса, онда көршілерге, жанұя мүшелеріне қайда кеткеніңіз бен шамамен оралатын уақытыңызды айту керек;
- Бөмеден жалғыз кетуге рұқсат етілмейді;
- Автокөлікпен жүру тек қана үлкен тас жолдар мен шосселерде рұқсат етіледі;
- Автокөліктен шыққан кезде көру аумағында қалу керек;
- Көлік құралы сынып қалған кезде дабыл беріп, капотты ашып, антеннаға жарқын мата іліп, көмекті көліктің ішінде күту керек;
- Жолдан жаяу жүріп адасып қалсаңыз кез келген үйге кіріп, оның тұрған жерін анықтап, сонда боранның аяқталуын күтуге тырысыңыз;
- Егер шаршап қалсаңыз, тығылатын жер тауып сонда демалыңыз;
- Бейтаныс адамдармен сөйлескенде абай болыңыз, себебі осындай жағдайларда автокөліктерден, үйлерден және қызметтік ғимараттардан ұрлық саны күрт өседі.
Ж.ЗЕЙНУЛЛИН, Алматы ауданы ТЖБ инженері