Жаңалықтар

Қарапайым заттар экономикасын дамытады

Кеше елордада Қазақстан жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының І съезі өтті. Съезд барысында қала әкімі Алтай Көлгінов еліміз бен елорда «Қарапайым заттар экономикасын» дамытуға ерекше назар аударатындығын атап өтті.Бұл ретте елорда әкімі «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын дамытудың 2 бағыты қарастырылғанын, атап айтқанда, жеңілдікпен несие беру және жергілікті мазмұн үлесін ұлғайту көзделіп отырғанын жеткізді.
«Осы бағытта жұмыстар атқарылып жатыр, кәсіпкерлермен кездесіп, қолдау көрсетеміз. Мәселен, «Astana Ютария Ltd» компаниясын қарастыратын болсақ, бұл компания – отандық жеңіл өнеркәсіптің қалай дами алатынын көрсететін жақсы мысалдардың бірі. Бұл салада бәсекелес­тік үлкен екені түсінікті. Тұрғындар дизайнға, сапаға, бағаға аса назар аударады. Қазір компанияда 500-ге жуық адам жұмыс істесе, өнімнің 25%-ы экспортқа шығады. Сұраныс өте үлкен. Жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің мектеп формасын тіге алатынына қуаныштымыз. Осындай беткеұстар, үлгілі компанияларымыз көп, бірақ әлі де көптеген жұмыстар атқаруымыз керек . Тәжірибе жинақтап, әрдайым өнім сапасына аса мән беру керек» деді қала басшысы.
Құрылтайға 120-дан аса жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қатысты. Шара соңында елорда әкімдігі тарапынан қатысушыларға, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын тұрғындарға тігін машиналары сыйға тартылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button