Елорда тынысы

Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде

Нұр-Сұлтан қаласының коменданты қаладағы жағдай толық бақылауда екенін атап өтті. Құқық қорғау органдарының қыз­меткерлері қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз етуде.

[smartslider3 slider=1782]

Елордада ТЖ режимі аясында коменданттық сағат 23.00-ден таңғы 07.00-ге дейін жалғасады. Сондай-ақ қалада профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде, полиция елді мекендерді аралап жүр. Осы кезеңде заңсыз іс-әрекеттерге жол бермеу және көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау мақсатында 4649 жалдамалы тұрғын үй мен 420 хостел тексерілді. Тексеру барысында 1372 көші-қон заңнамасын бұзушылық анықталды, 38 шетелдік елден шығарылды. ТЖ режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК 476-бабы бойынша 318 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 30-ы қамауға алынып, 137-сіне айыппұл салынды. Елордадағы жол қауіпсіздігі де бақылауда. ТЖ кезінде мас күйде көлік жүргізудің 10 фактісінің жолы кесілді, барлық жүргізуші сот шешімі бойынша қамауға алынды.

«Осы қиын кезеңде азаматтар тарапынан немқұрайдылыққа жол берілмейді. Еске саламын, төтенше жағдай кезінде алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынған. Тәртіп бұзушылықтар анықталған жағдайда лицензиясынан айыруға дейін қатаң жазаланады» деді Нұр-Сұлтан қаласының коменданты Ержан Сәденов.

Полиция бекеттеріне ерекше көңіл бөлінеді. Олар орнатылған сәттен бастап 50 мыңға жуық автокөлік ты­йым салынған заттарды анықтау үшін мұқият тексерілді. Қала бойынша және блокбекеттерден 2 тегіс ұңғылы «сайға» қаруы, «РГД-5» оқу-жаттығу гранатасы, «CZvz.27» маркалы тапанша, травматикалық тапанша, дене броньдары, оқ-дәрілер, 11 бит, 5 резеңке таяқшалар, кастеттер, таяқшалар, пышақтар, аэрозольді тапанша, тұтқалар және бұрыш спрейі тәркіленді. Барлық факті бойынша тексеру жүргізіледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button