1 Наурыз - Алғыс айту күні

Қазақ халқына алғысымыз шексіз

Бұл күні біздер дүниеге келген туған өлкемізге, оның ғажайып табиғаты мен егіні бітік өскен қасиетті жері мен қайырымды еңбекқор халқына,  біздерге күш-қуат бергені үшін алғыс айтамыз.

[smartslider3 slider=2278]

Барлығымызды Қазақстандағы барлық этностардың бейбіт өмір сүруіне, оқуына, жұмыс істеуіне, мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін дамытуға барлық жағдай жасалған елімізге деген достық, сүйіспеншілік пен алғыс біріктіреді. «Құстың күші – қанатында, адамның күші – достықта» деген қазақ халқының ең маңызды рухани ережелерінің бірі ретінде достықтың тамыры өте тереңде жатыр. Осы рухани құндылыққа қамқорлық жасау дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Түрлі тарихи себептерге байланысты осы өлкеге қоныстанған қазақтар қашанда өзге этностармен достық пен татулықта өмір сүруге ұмтылған. Кезінде Қазақстанға келген азаматтарды қолдап, көмек қолын созған қазақ халқына алғысымызды білдіреміз. Осы қолдаудың арқасында көне Ұлы дала елі түрлі этнос өкілдерінің екінші Отанына айналды. Барлық қазақстандықтарға бір-біріне деген сыйластық, татулық, достық және өзара түсіністік үшін рахмет. Біз барша қазақстандықтарды толеранттылықтың, достық пен бір-біріне деген құрметтің тамаша мерекесімен құттықтаймыз. Әрбір күнді, айтылған жылы сөзді, таза жүректен жасалған әрбір істі алғыспен қабыл алғымыз келеді. Күндеріңіз мейірім мен риясыз адами жақсылыққа толы болсын.

Тамара ШИРМЕР,

 «Оберег» украин  қауымдастық төрайымы

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button