Sport

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ ҚАРА ҚҰРЛЫҚТЫ МОЙЫНДАТТЫ

photo_65597

Таяуда Тунистің Монастир қаласында шахматтан «Рида Белькади мемориалы»­ турнирі өтті.
Бұл жарыста­ халықаралық дәрежедегі қазақстандық гроссмейстер Динара Сәдуақасова жеңіске жетіп, ел абыройын асқақтатып қайтты.

Әлемнің 15 елінен 85 шахматшы қатысқан жарыстың ашылу салтанатына ФИДЕ президенті Кирсан Илюмжинов пен Тунис елінің президенті Монсеф Марзуки қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

22 шахматшы сынға түскен әйелдер категориясында біздің Динара 9 турдың нәтижесі бойынша 8,5 ұпай жинап, қарсыластарынан оқ бойы ұзап кетті. Екінші орынға 7,5 ұпайы бар Моңғолия спортшысы Энкхтуул Алтанулзии тұрақтаса, үздік үштікті 6 ұпаймен алжирлік Амина Мезиуд қорытындылады. Ал, ерлер арасындағы бәсекеде Станислав Новиков Ресейдің үмітін ақтады.

Динара Сәдуақасова бұған дейін-ақ, яғни 2012 жылы халықаралық гроссмейстер атағын алған болатын. Өзі – жасөспірімдер арасында әлемнің бірнеше дүркін жеңімпазы.

Айта кетейік, Рида Белькади – қара құрлықтан шыққан тұңғыш халықаралық дәрежедегі гроссмейстер және Тунис шахмат федерациясының негізін қалаушы азаматша. Турнир соның құрметіне арналды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button