#Жолдау-2022

Қоғамның дамуы – ұлт саулығы

Президент Жолдауы жаңа әділетті Қазақстанды құру жөніндегі жалпыұлттық референдумда қабылданған ел дамуының жаңа кезеңіне Қазақстан халқының қолдауы арқылы толық жауап береді. Мен Президенттің әлеуметтік мәселелер жөнінде айтқандарына ерекше назар аударғым келеді.

Мемлекет басшысының айтуынша, адамдар – еліміздің басты құндылығы. Ұлттық байлықты әділ бөлу және әрбір азаматқа тең мүмкіндіктер беру реформаның негізгі мақсаты екенін Президент айрықша атап өтті.

Қоғамның дамуы ұлт денсаулығы қамтамасыз етілген жағдайда ғана мүмкін болады. Денсаулық сақтау саласында жинақталған мәселелерді бір уақытта шешу мүмкін емес. Бұл ретте біздің Президент осы саланы қаржыландыруға ерекше назар аударды. Толық қаржыландырылмағандықтан, азаматтар медициналық қызметтердің көлемін ала алмай жүр. Сондықтан Мемлекет басшысы Үкіметке Денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру тәсілдерін қайта қарауды тапсырды. Бұл өте маңызды. Үкімет қабылдаған шаралар сөзбен емес, іс жүзінде халық денсаулығын жақсартуға мүмкіндік береді.

Президент сондай-ақ ұлттың әлеуетін арттыруда шешуші рөл атқаратын білім беру саласының жай-күйіне назар аударды. Мектепке дейінгі жастағы балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түбегейлі шешуді, тәрбиешілердің жалақысын көтеруді тапсырды. Орта білім беру сапасын арттыру үшін 2025 жылға дейін апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу қажет. Өздеріңіз білетіндей, елордада мектептер жедел қарқынмен салынып жатқанына қарамастан, мұндай проблемалар біздің қалада бар. Себебі астанада бала көп. Егер осыдан бірнеше жыл бұрын бірінші сыныпқа 20 мыңға дейін бала барса, биыл 26 мың бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.

Халықтың әл-ауқатын арттырудың базалық факторы жалақының өсуіне тікелей байланысты. Осыған орай, ел Президенті ең төменгі жалақыны 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеруді ұйғарды. Бұл жиынтық зейнетақыны 2025 жылға дейін 27 пайызға көтеруге мүмкіндік береді.

Маңызды әлеуметтік мәселенің бірі – соңғы жылдары қоғамда көп талқыланған әйелдердің зейнетке шығу жасы. 2028 жылға дейін ол 61 жас деңгейін­де тіркелді. Сонымен бірге 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала күтімі бойынша төлемдер бір жарым жасқа дейін ұзартылды. Бұл шын мәнінде жас отбасыларға көмек деп есептеймін және Ұлттық қордағы жыл сайынғы инвестициялық табыстың 50 пайызын 18 жасқа дейінгі балалардың шотына аудару туралы шешім де дер кезінде қолға алынған шара болды. Президент бастамасының арқасында ұлттық байлықты болашағымыз – балалар үшін пайдалану мәселесі шешілуде. Осыған байланысты мен Президенттің Жолдауын және жақын арада жүзеге асыруды ұсынатын барлық реформаларды қолдаймын.

Марат МУСТАФИН,

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Алматы ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button