Қала тіршілігі

Қуаныш сыйлаған жәрмеңке

Биыл елордада өңірлік тауар өндірушілердің қатысуымен 12 жәрмеңке өткен екен.Тұрғындардың айтуынша биылғы жәрмеңке басқа жылдардағыдан өзгеше өткен. Себебі көпшілік санитарлық ережелерді сақтап, қолжетімді бағада өз қажеттіліктерін тапқан. «Біз отандық өнімді әрқашан қолдаймыз. Мұнда бәрі табиғи өнімдер. Базар бағасынан 2-3 есе арзан. Жәрмеңкені әр апта сайын асыға күтіп, жиі келіп жүрміз. Ауылшаруашылық өнімдерінің барлығы – күнделікті тұрмыста қолданылатын тауарлар. Ең бастысы, осы жердің атмосферасының өзінен көңіл-күйіміз көтеріліп қайтады. Біз үшін жәрмеңке тап бір мереке күні сияқты» деді қала тұрғыны Ұлжан Баймаханова.

«Жәрмеңкеде таңғы 8-ден бастап жүрміз. Әкелген тауарларымыздың барлығына сұраныс жоғары. Былтыр келіп сәбіз, қияр алған тұрғындар қайта келіп алып, «Тағы қашан келесіңдер?» деп сұрауда. Ең бастысы, халық риза, – деді жеке кәсіпкер Манат Дюселеков.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button