Жаңалықтар

«Шапағатта» тәртіп қалай?

Қаламыздағы сауда орындарында карантин талаптарын сақтауға байланысты кезекті рейд жұмыстары жүргізілді. «Сатып алушылардың ара қашықтығы мен маска режимін сақтауды басты назарда қадағаладық. Келушілер сақтық шараларын толық орындамаған. Ал сатушылар маскаларды дұрыс кимеген. Қазіргі уақытта қала бойынша карантин талаптарын бұзған 414 азаматқа айыппұл салынды» деді Байқоңыр ауданының санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы Асыл Сералы.
Сауда залын бір айналып жүріп өткен бақылаушылар санитайзерлердің жоқ екенін байқап, кіреберіс­терге орнатты. Рейд барысының нәтижелері жергілікті полиция қызметімен талқыланып, қажетті шаралар қолданылатын болады.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button