Жаңалықтар

ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ қызықтары

ZAH_4413

Астана қаласында Қуыршақ театры ғимаратының ашылу рәсімі өтті. Шараға елордалық өнер ұжымдары  мен Маңғыстау облыстық қуыршақ театрының өкілдері қатысты.

Осыдан сегіз жыл бұрын Астанада шағын бөлімі ашылған өнер ордасы 2010 жылы елорда басшысының өкімімен Астана қаласы әкімдігінің Қуыршақ театры болып қайта құрылды. Осы күнге дейін аталмыш театрдың жекеменшік ғимараты мен сахнасы болмады. Сондықтан түрлі тақырыптағы қойылымдарды балабақша, мектеп пен мәдени мекемелердің ғимараттарында қойып келді.
– Бүгін театр ұжымы өз ғимаратына қол жеткізіп, мерейіміз үстем болып отыр. Соның құрметіне өз сахнамызда кішкентай бүлдіршіндерге «Қаңбақ шал» ертегісінің желісі бойынша жаңашаланған қойылымды сахналаймыз. Салтанаттарды қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қоямыз. Біздің өнер ордасы – Италияның «Марионетте» мен Стамбұлдағы «Қаракөз» театрымен келісімге отырған Қазақстандағы жалғыз қуыршақ театры, – деді театр директоры Тоғжан Хасанғалиева.
Айта кетейік, 29 маусым мен 2 шілде аралығында Қ.Қуанышбаев атындағы театрда Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, қазақ қуыршақ театрының тұңғыш кәсіби режиссері Құралай Ешмұратованың 70 жасқа толуына мерейтойына орай, І Халықаралық «Құралай» қуыршақ фестивалі өтеді. Фестивальге Еуропа, Азия, ТМД елдерінің әйгілі қуыршақ театрлары қатысады.

Күнайым СӘКЕН

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button