Қала мен Сала

Қызмет сапасы артты

«ХҚКО» мобильді қосымшасында бейнеконсультация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер пилоттық режимде қолжетімді. Қазіргі уақытта 34 анықтаманың цифрлық айналым мүмкіндігі жүзеге асырылған. еGov mobile мобильді қосымшасында құжаттардың 18 түрін қамтитын «Цифрлық құжат» сервисі іске асырылды. Бүгінде бұл қызметті 6 миллион адам пайдаланған.

[smartslider3 slider=1615]

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында оларды оңтайландыру, автоматтандыру және «бір терезе» қағидаты бойынша көрсету жолға қойылды. Халыққа қызмет көрсету, ақпараттық жүйелердің жұмысы, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба мәселелері шешіліп келеді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, «электрондық үкімет» және 1414 бірыңғай байланыс орталығының жұмысымен әрбір астаналық таныс деуге болады. Цифрландыру саласындағы мұндай жетістіктер өткен жылы БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамытудың жаһандық рейтингінде Қазақстан 29-орынға көтерілді. Бұл рейтинг әр 2 жыл сайын жасалады және БҰҰ-ға мүше 193 елдің көрсеткіштері бағаланады. 2020 жылғы рейтинг мемлекеттердің 2018-2019 жылдары жүргізген жұмыстарының нәтижесіне негізделген.

Электрондық үкімет құру ісі билік органдарының жұмысын анағұрлым тиімді, азаматтарға қолжетімді ету үшін қажет болды. Бұрындары әрбір мемлекеттік орган өз бетінше «оқшау өмір сүріп», басқаларымен байланысқа түсе қоймайтын, ал азаматтардың алуан түрлі анықтама, растама секілді өзге де қағаздарды жинау үшін толып жатқан инстанциялардан өтуіне тура келетін. Осының барлығы бір ғана қызмет түрін пайдалану үшін толып жатқан мекемелер табалдырығын тоздыруға мәжбүрлейтін. Бүгінде электрондық үкімет жобаларының арқасында ол заман келмеске кетті.

Электрондық үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік берген де дәл осы механизм.

ТМД елдері арасында Қазақстан 1-орынды иеленді. Қазақстаннан кейін Ресей (36), Беларусь (40), Украина (69), Молдова (79), Өзбекстан (87) және т. б.елдер орналасқан.

Жақында ғана IDC Excellence Awards 2021 нұсқасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Цифр­ландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ботагөз Қасабек Орталық Азия мен ТМД-ның 11 елі арасында Digital Leader сыйлығын алды, оның ішінде Армения, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина және Өзбекстан бар. Өткен жұмада Нұр-Сұлтанда IDC CIO Summit 2021 өтті, оның барысында түрлі елден келген CIO жаңа жағдайларда ақпараттық технологиялар саласындағы шешімдерді, тәсілдерді және үздік тәжірибелерді ұсынды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button