Шаһар шежіресі

Республикалық біріншіліктен әлем чемпионатына дейін

1975 жылдың сәуірінде Целиноград қаласының Жастар сарайында бокстан «Буревестник» ерікті спорт қоғамы республикалық кеңесінің біріншілігі өтті. Бұл жарыстың шежіресін фототілші Нұрмұхамет Имамовтың ескі суреті мен журналист Қайыркен Асауовтың мақаласынан біле аламыз.

[smartslider3 slider=3324]

 

Жалпы Жастар сарайы осы жарыстың өткенінен бір жыл бұрын ғана, яғни 1974 жылы бой көтерді. Бокстан репортаж жазған журналист «Қаламыздағы сәулетті Жастар сарайы, міне, спорт сайысының да ордасына айналды. Бүгінгі талапқа сай жабдықталған оның кең де жарық спорт залында тұңғыш өнер көрсету құрметіне былғары қолғап шеберлері ие болды» деп бастайды мақаласын. Соған қарағанда, аталмыш нысанда бұл ұйымдастырылған алғашқы жарыс­тардың бірі болуы керек. Ал осыдан 47 жыл бұрынғы жарысқа еліміздің жоғары оқу орындары студенттері қатысқан.

Жастар сарайы да жаңғыртылып, жаңа заманда жаңа кейіпке енді. Бүгінде оның ішінде түрлі мәдени, спорттық шаралар ұйымдастырылып, үйірмелер жұмыс істейді. Ал Нұр-Сұлтан қаласы әлемдік деңгейдегі спорт жарыстарын өткізе алатын деңгейге жетті. Бас қаламызда спорт нысандары да көп. Мәселен, 2016 жылы елордада бокстан әйелдер арасында әлем чемпионаты өтті. Соның қорытындысында Қазақстан 4 алтын медаль алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button