Мәдениет

Сабантой мерекесі тойланды

Елордада «ТАҢ» татар-башқұрт этномәдени орталығының ұйымдастыруымен Сабантой мерекесі тойланды.

Бұл мереке елорда әкімдігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстандағы Ресей Федерациясы елшілігі және еліміздегі Татарстан Республикасының өкілетті өкілдігінің қолдауымен өткізілді.

Сабантой – көнеден келе жатқан еңбек пен достық мейрамы. Дәстүр бойынша татар халқы бұл мерекені жиын-терім көп болсын деген ырыммен тойлаған. Қазір ол уақыт ағымына қарай өзгеріске ұшырап, заманауи реңкке ие болып, ЮНЕСКО-ның мәдени мұра жауһарлары тізіміне енген.

«Бүгін – біз үшін айтулы күн. Осы күні елдің ырысы тасып, адамдардың туыстығы мен бауырластығы артады. Ақсақалдар сабақты ой айтып, жастар содан тәлім алады. Алда жүзеге асыратын жоспарларымен бөліседі» дейді «ТАҢ» татар-башқұрт этномәдени орталығының төрағасы Рафик Валиев.

Мерекелік шараның көрігін Татарстаннан келген әртістер қыздырды. Олар өздерінің сырлы ән мен күйге толы концерттік бағдарламасын ұсынды. «Көрәш» батырлар сайысын ұйымдастырды. Сондай-ақ, келген қонақтарға ұлттық дастарқан жайылды.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button