Мәдениет

Сөз суреткері

Жақында қоғам қайраткері, белгілі қаламгер, аудармашы Мәди Айымбетов 75 жасқа толды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым­-Жомарт Тоқаев туған күн иесіне Құттықтау хатын жолдады. Мемлекет басшысының құттықтауын Нұр-­Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов табыс етті

[smartslider3 slider=913]
Мәди Айымбетов – Қостанай облысы Амангелді ауданына қарасты Амангелді ауылының тумасы. «Тәтті мұң» атты алғашқы әңгімелері – бірі жетпісінші жылдардың басында жарық көрсе, содан бері  жиырмаға жуық прозалық кітаптар жазды. Жазушының шығармалары мен шығармашылық қызметі  жөнінде әр жылдары «Жұлдыз», «Қазақ әдебиеті», «Жас Алаш», «Жалын», «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Детская литература» (Мәскеу), «Сарыарқа» және басқа басылымдарда жазылып, әдеби орта мен оқырмандар тарапынан оң бағасын алған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негімұлының сөзімен айтқанда, Мәди Айымбетов шығармалары – ел суреттерінің көрмесі деуге лайық. Жазушы – өз заманының рухани төлқұжаты, куәгері әрі әділ таразысы десек, прозашы Мәди Айымбетов шығармаларында тоқырау жылдарындағы, қоғам өміріндегі, шіркін-ай, асылдардың қор болып, сұмдық-ай, арсыздардың, масылдардың зор болып, тағдыр талқысына, тіршілік-тұрмыс қыспағына, тырнақтылардың мазағы мен тәлкегіне қалып, тозақтың отына жазықсыз қақталған, еңбегі еш қарапайым кіршіксіз жандардың аянышты жағдайы, сонымен қатар, адам өмірі мен болмыстың ара-қатынасы, халықтық жаны, рухы, таным-түсінігі, көзқарасы, ізгілік қағидаттары, шынайы мөлдірлікпен сипатталған.
Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button