ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Суда сақтықты ұмытпаңыз

Жаз – суға шомылу маусымы. Сондықтан сақтық шараларын да біле жүрген артық болмайды.

01

Жаңбырлы жазда жақсы жылынып үл­гермеген су қоймалары тамызда бәрібір біртіндеп салқындай бастайды. Өйткені, тамыз айында күннің ұзақтығы 1,5 сағатқа қысқарды. Ұзақ түнде біршама салқындап қалған су күндізгі қысқа уақытта жылынып үлгермейді. Сол себепті суға шо­мы­луға салқынға біршама шыныққан адамдар барғаны дұрыс. Байқасаңыздар, тамызда да суға кетушілер маусым айын­­дағыдай көп болады. Оның себебі, мау­сым айында да күн шыжып тұруы мүмкін, бірақ өзен, көлдердегі сулар әлі жылынып үлгермейді. Тамыз айында да сондай жағдай, сақтықты ұмытқан суға жүзушілер қауіпті жағдайға ұшырап қалады.
Төтенше жағдайлар комитеті Орталық аймақтық аэромобильді жедел құтқару жасағының қызметкері Тамара Зуева суға түсу кезінде мынадай шараларды сақтауды ескертеді:· Ауа райы желсіз, ашық күндері ғана ауа температурасы 23 градус, судың температурасы 18 градустан жоғары болған кезде шомылған жөн. Ал балалар мен денсаулығы нашар адамдар үшін ауада 25 градус, суда 20-22 градус жылы болғаны дұрыс.
· Арнайы жабдықталған жерлерде шомылған әлдеқайда қауіпсіз. Себебі, қиын жағдайға тап болсаңыз, білікті мамандардың көмегіне жүгінуіңізге болады. Қайғылы жағдайлардың 99 пайызы құтқарушылар жұмыс істемейтін өзен, көлдерде орын алып жатады.
· Суда шектеулі мөлшер белгісінен ас­қанша жүзуге болмайды.
· Ұзақ уақыт күнге қыздырынған соң немесе ауыр жұмыстан кейін суға бірден секіруге болмайды. Өйткені, темпе­ра­тураның жедел ауысуы адамды естен тандырып жіберуі мүмкін.
· Суда әбден тонғанша жүру қауіпті.
· Су жағасына баланы қараусыз қалдыру да қауіпті, тіпті өте та­йыз судың өзіне бала құлап қалса, тұншығып қалуы мүмкін.
· Суға алкогольді ішімдік ішіп немесе есірткіге елтіп алып түсу де үлкен қауіптің көзі саналады. Қайғылы жағдайлардың тең жартысы осындай себептердің салдарынан орын алып жатады.
· Егер сіз суда келеңсіз жағдайға тап бол­саңыз, үрейге бой алдырмаңыз, ша­­ма келгенше сабырлылық пен сал­қын­қандылықты сақтасаңыз – аман қа­луыңызға кепілдік мол. Төтенше жағ­дайларға куә болып жатсаңыз, 122 құтқару телефонына қоңырау шалыңыз.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button