Білім

Сурет салуды үйретеді

Елордадағы «Сұңқар» оқу орталығында мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында сурет және кескіндеме өнеріне баулуға тегін үйірме ашылды.

Оқу бағдарламасының мақсаты – балаларды сурет өнерінің негіздеріне тарту, көркем жұмыс­тар арқылы өз ойын жеткізу қажеттіліктерін қалыптастыру, сондай-ақ техникалық және көркем-эстетикалық білім мен дағдыларға базалық деңгейде үйрету. Сабақ балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып: кіші топқа (6-7 жас), орта топқа (8-9 жас) және үлкен топқа (10-14 жас) бөлінген. Үйірмеге қатысу үшін artsport.edu.kz сайтына кіріп, тіркелесіз. Мекенжайы: Ілияс Омаров, 9. Қосымша сұрақтар бойынша телефон нөмірі: 8-701-572-00-49.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button