#Жаңа ҚазақстанСайлау-2022

Суды үнемдеуге көшуіміз керек

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев Панфилов ауданындағы «Ернар» шаруа қожалығына барып, кәсіпорын ұжымымен кездесті. Өз сөзінде Жигули Дайрабаев кәсіпорынның заманауи технологияларды белсенді қолданатынын ерекше атап өтті.

Үміткер соңғы жылдары әлемде су ресурстарының тапшылығы ерекше алаңдаушылық туғызып отырғанына тоқталды. Халық саны ұлғайып, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда. Бұл өз кезегінде суды пайдаланудың көлемін арттырып отыр.

«Біз жаңа технологиялар мен цифрландыру арқылы суды үнемдеуге көшуіміз керек. Су тапшылығын жоюдың басқа жолы жоқ. Бұл – аса маңызды міндет. Суарудың су үнемдеу технологияларын толық көлемде енгізу су шығынын азайтып, өнімділікті арттыра отырып, суармалы жерлерді ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді» деді Ж.Дайрабаев.

Бүгінде агросектор саласына тамшылап суару әдісін енгізудің тиімділігі орасан. Әдісті қолдану кезінде тыңайтқыштар мен құнарлы заттар жоғалып кетпейді. Яғни несібесін жерден табатын диқандар үшін өте қолайлы.

«Тамшылап суару әдісі шөлді және шөлейтті жерлерді игілікке жаратып, бау-бақша егу, жылыжайлар салып, өнім алуға жақсы мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы саласына бағытталған субсидия көлемін ұлғайту және лизингтік компанияларға қолдау көрсетуіміз қажет» деді үміткер.

Өз кезегінде «Ернар» шаруа қожалығының басшысы Олжас Жапарқұлов кандидатқа және «Ауыл» партиясының өкілдеріне алғысын білдірді.

Сонымен қатар Жигули Дайрабаев Жаркент қаласының тұрғындарымен кездесіп, сұрақтарына жауап берді. Көпшілікті әсіресе Қытай елімен ынтымақтастық мәселесі қызықтырды. Кандидат көршілес мемлекеттермен әрдайым достық қарым-қатынаста болу маңызды екенін атап өтті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button