Жаңалықтар

Тарихи әділдік орнайды

Алматы қаласындағы ұстаздар қауымымен арнайы кездесудің сәті түсті. Педагогтардың статусын көтеру бойынша соңғы 3 жылда жасалған реформалардың нәтижесі жалақының едәуір көтерілуіне әкелгенін мұғалімдер нақты сезінді.

[smartslider3 slider=3038]

Сондықтан, қазіргі саяси реформалардың оңтайлы өзгерістерге бастау болатын тізбегіне ең жоғарғы сенім артып отырғандар да біздің ұстаздарымыз. Осылайша, конституциялық реформа азаматтардың елді басқару ісіне қатысу мүм­кіндігін арттыратынына және алдағы уақытта әлеуметтік әділеттіліктің орнауына түрткі болатынына ұстаздар қауымы қолдау білдіріп отыр.  Педагогтармен Ата Заңдағы жер және жер қойнауы, су, өсімдіктер мен жан­уарлар дүниесі, басқа да таби­ғи ресурстар халыққа тиесілі екені жайындағы норма нақты бекітілетінін талқыладық. Халық пен мемлекеттің билік арасындағы жауапкершіліктің ортақтасуы екенін түсініп отыр. Аталған өзгерістер, келешек инвестициялық жобаларда жер қойнауы байлықтарын пайдалану бойынша халық атынан іске асырушы мемлекеттік биліктің позицияларын күшейтетіні анық. Жер байлығының төңірегіндегі тиімсіз келісімдер орын алмайтын болады.

Елнұр Бейсенбаев

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button