Жаңалықтар

Тасқын қаупі жоқ

Астана әкімі аппаратының апталық жиналысында қала тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер қаралды. 

Елорда әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун тұрғын үй құрылысындағы үлескер қатысушылардың мәселелері жөнінде мәлімет берді. Үлескерлер проблемасын шешу бойынша жүргізіліп жатқан шараларды баяндады.
Әкімнің орынбасары Қосман Айтмұханбетов қала бойынша көктемгі су тасқынының алдын алуға қатысты жүргізіліп жатқан жұмыс­тар жайында айтты. Бүгінде елорда аудандарының жеке секторынан қар шығару жұмысы жалғасуда. Сонымен қатар, қалаға жақын жатқан Майбалық көлінің үстіңгі жағына тексеру жүргізілген, оның қорытындысында қалың қардың жатпағаны анықталған. Түптеп айтқанда, Астанада су тас­қынына қатысты жағдай тұрақты және бақылауда екен.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button