Жаңалықтар

Түбегейлі саяси реформа

Алматы қаласындағы интенсивті дамып жатқан Наурызбай ауданының №36 емхана қызметкерлерімен кездесудің сәті түсті. Өздеріңіз білетіндей, пандемия кезінде жанқиярлықпен әрбіріміздің өміріміз үшін күресе білген ақ халатты абзал жандардың еңбегі естен кетпесі анық.

[smartslider3 slider=3039]

 

Ал, бүгінгі түбегейлі саяси реформалардың қатарында кризистік жағдайда тез шешім қабылдау тетіктері, яғни қауіп төнген уақытта заңды Парламенттің кеңейтілген отырысында қабылдау мүмкіндігі іске асатын болады. Бұл норма төтенше жағдай уақытында бірізді іс-қимыл жұмыс жасап, қауіп-қатерге төтеп беруге бағытталған. Оған қоса, біз халықпен кеңесіп, пікірлесу жағын сәл естен шығарып алғандаймыз. Оның дәлелі, елімізде ширек ғасырдан астам уақыт бойы бірде-бір референдум болған жоқ. Сондықтан, дәл қазір халықтың қолдауы Қасым-Жомарт Кемелұлына өзі бастаған саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды іске асыру жолында батыл қадамдар жасауға жол ашады. Біле білсеңіздер, Конституцияны жаңартпай әділетті, әрі ашық Жаңа Қазақстан құру мүмкін емес. Сондықтан ел болып, алдағы референдумда халық өзінің салмақты сөзін, салиқалы пікірін білдіреді деп сенемін.

Елнұр Бейсенбаев

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button