Білім

Түлектерге грант берілді

Кеше Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан ­Каналимов Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай, қалалық мәслихат атынан әлеуметтік осал топтарға жататын, тұрмысында қиыншылығы бар балаларға, белсенді түлектерге арналған гранттық оқу сертификаттарын табыс етті.

 

[smartslider3 slider=3850]

 

Қалалық мәслихат пен AMANAT партиясының «Жастар рухы» жас қанаты бірлесіп өткізген бұл игілікті шара аясында 60 талапкер «Тұран-Астана» университетінде, Технология­лық колледжде, сондай-ақ «Астана Профи» қалалық шаруашылық колледжінде қалалық мәслихаттың грантымен оқуға мүмкіндік алды.

– Өткен жылы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, қалалық мәслихат депутаттары «тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған 30 игілікті іс» деген бастаманы қолға алған болатынбыз. Осы шара аясында орта кәсіптік және жоғары оқу орындарында қалалық мәслихат атынан арнайы грант бөлген едік. Елорда тарихында тұңғыш рет атқарылған бұл жоба аясында 30 түлекке білім грантын берген едік. Биыл осы игілікті бастаманы жалғастырып, грант алатын түлектер санын көбейтіп, 60-қа жеткіздік. Бұл грант тек қана тұрмыс жағдайы төмен түлектерге ғана емес, әлеуметтік өмірде үлкен белсенділік танытқан түлектерге де берілді, – деді Ерлан Каналимов.

Шараға «Тұран-Астана» университетінің, Технология­лық колледжінің басшылары қатысып, талапкерлердің оқуына табыс тіледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button