Sport

Тұңғыш турнир

Астанада еркін күрестен республикалық турнирге 600-ге жуық спортшы қатысты.

[smartslider3 slider=640]

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы еркін күрестен республикалық турнир өтті. Екі күн бойы 6 жастан 13 жасқа дейінгі жас балуандар боз кілемде чемпион атағына күресті. Жарыс жасөспірімдер арасында 25 салмақ дәрежесінде өтті.
Турнирдің ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы ­Самат Ерғалиев, Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының директоры Жандос Үшкемпіров, Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Гюзель Манюрова, еркін күрестен ұлттық құраманың бас бапкері Әсет Серікбаев, еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрлан Бекжанов қатысып, болашақ чемпиондарға сәттілік тіледі.
Мұндай турнир биыл алғаш рет өткізілді. Жалпыкомандалық есепте сегіз алтын медальмен Ақмола облысының жастары 1-орынға ие болды. 2-орын – Алматы облысында, оның қоржынында 7 алтын медаль бар. Үздік үштікті Жамбыл облысының спортшылары 6 алтын медальмен аяқтады. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубокпен, медальмен және алғыс хатпен марапатталды. Республикалық турнирді қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Qairat top team клубы ұйымдастырды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button