Мәслихат

Тұрғындар талабы тыным бермейді

Б.Момышұлы даңғылындағы бірнеше үйдің ауласында балалардың ойын алаңдары болмады. Мәселе жылдар бойы шешілмей келе жатқандықтан, тұрғындарға қалалық мәслихат депутаты Гайдар Қасенов­тің көмегіне жүгінуге мәжбүр болды.

«Алматы ауданы әкімдігінің қолдауымен биыл Б.Момышұлы, 10/1, 10/2 үйлердің ауласында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, балалардың ойын алаңдары салынды. Тағы үш мекенжайда көше тренажерлері орнатылды. Р.Қошқарбаев, 40-үйдің ауласында футбол алаңы пайда болды» дейді депутат.
Өткен жылдың қыркүйегінде депутатқа Балбырауын және Балқантау көшелеріне асфальт төсеу бойынша өтініш келіп түсті. Бұл мәселе де шешімін тауыпты. «Осы көшелердің аумағында қонақүй тұр. Оның иелері көлік жүретін жолға қоршау орнатып тастап, асфальт төсеуге кедергі келтірді. Автомобиль жолдары басқармасының өкілдерімен кездескеннен кейін қоршау жылжытылды» дейді Г.Қасенов.
Тұрғындардың бір «бас ауруы» аулаларда көлікті қаңтаратын орын болып отырғаны жасырын емес. Халықты ойламай, көлікті кез келген орынға қоя салу жиі кездеседі. «Жанұя сервис» ПИК төрайымы Әмина Бекбасованың айтуынша, осы себептен ішкі аулалық аумақтың санитарлық жағдайына нұқсан келуде. Тіпті қарттар мен балалардың өміріне қауіп төне бастады. «Ау­лаларды абаттандырғанда барша тұрғындарға жайлы болуын ойлау керек» дейді ол. Осы жағдаймен де депутатқа көп шағым түседі екен. ПИК төрайымының сөзінше, депутатпен кездескен соң А.Байтұрсынов көшесінде жолдың құрылысы мәселесі шешілді. Алайда әлі кейбір көшелер мен автобус аялдамаларын жарықтандыру мәселесі кезекте тұр.
«Айя» ПИК-інен депутатқа көліктер жүретін жолдарда иесі жоқ құдықтар жайлы шағым түсті. Г.Қасенов бұл мәселені бақылауға алуға уәде берді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button