Жаңалықтар

Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Әз-Наурыз – барша қазақстандықтар ерекше ықыласпен тойлайтын ізгі мейрам.
Еліміз биыл Наурыз мейрамына толайым табыспен жетіп отыр. Экономикада, мәдени-әлеуметтік салада оң нәтижелерге қол жеткізілді. Астанамыз өзінің жиырма жылдық мерейто­йын тұтас ел көлемінде атап өтуде.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығы жəне қолдауымен сəулетті де дəулетті қалаға айналған жас елордамыз бүгінде əлемнің өркендеген мегаполистері қатарынан көрініп келеді.
Бұл да болса алған бағытымыздың айқын, ісіміздің нәтижелі екенін дәлелдейді. Осынау игілікті іске қарапайым азаматтардың да қосқан үлесі зор екенін мақтанышпен айтамыз.
Наурыз мейрамы әрбір шаңыраққа құт-береке алып келсін. Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Әсет ИСЕКЕШЕВ,
Астана қаласының әкімі

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button