Мәдениет

Ұмытылмас саяхат

Елордада халықаралық музей күніне орай «Музей түні» аясында «Бірге сурет саламыз» атты шеберлік сабағы өтті. Шараға ерекше білім беруді қажет ететін балалар қатысты. Шеберлік сабағының мақсаты – балалардың шығармашылық әлеуетін ашып, инклюзивті кеңістік құру.

[smartslider3 slider=2996]

Шараға ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы», сондай-ақ «Замандас» клубының 6-15 жас аралығындағы балалар қатысты. Олар балауыз қарындаштар мен гуашьтар, фломастерлерді пайдалана отырып, аралас техникада сурет салды. Балаларға алғыс хаттар табысталып, шара «Балдырған гид» жобасымен жалғасты. Бұл жоба биылғы «Балалар жылына» орай ұлттық құндылықтарды қастерлеп, насихаттауға бағытталған. Шараға «Кәмшат» және «Ақжелкен» балабақшасын бітіруші түлектер қатысты. Бүлдіршіндер музейдің қызметкерлерімен бірге экспозициялық залдар бойынша экскурсиялар жүргізді. Қызықты әрі танымды жоба ата-аналардың, тәрбиеленушілердің және бүлдіршіндердің көңілінен шықты.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button