ЖаңалықтарҚала мен СалаМәслихат

Үш жылдық бюджетті талқылады

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында елорданың 2022-2024 жылдарға арналған бюджет жобасы талқыланды. Тұрақты комиссия жұмысына қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов, мәслихат депутаттары, БАҚ өкілдері, басқармалар мен ұйымдар басшылары қатысты.

[smartslider3 slider=781]

Отырыс барысында ҚР Бюджет кодексіне сәйкес үш жылға арналған жергілікті бюджет жобасы қаралды. Атап айтқанда, полиция, төтенше жағдайлар, қорғаныс істері жөніндегі департаменттері, қала әкімі аппараты, ішкі саясат, жастар саясаты мәселелері, дін істері басқармаларының бюджеттік мәселелері сөз болды.

Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Манқараев елорданың 2022-2024 жылдарға арналған бюджет жобасы қаланың 5 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарының негізінде ҚР бюджет Кодексіне сәйкес әзірленгенін жеткізді. Ол сондай-ақ елорданың 2020 жылдан бастап 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталды. Алдағы үш жылда күтілетін салық түсімдерінің құрылымы туралы көрсеткіштерді ұсынды. «Биыл алғашқы жартыжылдықтағы өңірлік жалпы ішкі өнім 3 трлн 210 млрд теңгені құрады. Жыл сайынғы жалпы ішкі өнімді орташа есеппен 4 пайызға өсіру жоспарда бар» деді ол.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті басшысының орынбасары Госман Жакиннің айтуынша, жоба бойынша алдағы жылдарға полиция департаментінің бюджеті 38 млрд 834 млн теңгеден астам қаржыны құрады. «Әр жылға 12 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл қаржылар қаладағы қауіпсіздікті қорғау жұмыстарына, 2 жарым мыңнан астам полиция қызметкерінің еңбегіне, олардың жабдықтарына, жұмыс формаларына, ғимараттарға тағы басқа қызметтерге төленеді» деді ол.

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Дамир Ермағамбетов былтыр лизинг бойынша 10 өрт сөндіру техникасына қол жеткізілсе, биыл ақпан айында 48 сондай көлік алынғанын айтты. Биыл «Көктал» тұрғын алабы аумағында жаңа өрт сөндіру депосының құрылысы басталды. «Елордада өрт қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету үшін негізі 30 өрт сөндіру бөлімшесі қажет. Алайда бүгінгі таңда бар болғаны 12 бөлімше жұмыс істеп тұр» деді Д.Ермағамбетов. Департамент өкілі қаланың өртке қарсы қызметіне не жетпейтінін тізіп айтып берді. Отырысқа төрағалық еткен Талғат Нәрікбаев халық саны жыл сайын артып келе жатқан елордадағы өртке қарсы қызметтің өзекті мәселелеріне назар аударуға шақырды.

 Нұр-Сұлтан қаласының Қорғаныс істері департаменті басшысы Мұрат Берікболов келесі жылы алғаш рет Байқоңыр ауданында әскерге шақыру комиссиясы ашылатынын мәлімдеді. Ал өз кезегінде сөз алған Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов 2022 жылға бекітілген бюджетке қосымша қаражат сұрады. Қосымша қаржы, негізінен, бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу, мемлекеттік жергілікті ішкі саясатты жүзеге асыру жұмыстарына бөлінеді.

– Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 98 млн теңге қажет. Себебі  8 қосымша іс-шара кешенін қосып отырмыз. Оның ішінде нашақорлыққа қарсы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу, қоғамдық кеңестің жұмысын жүйелендіру, мемлекеттік мерекелерді өткізу қарастырылған, – деді Д.Бабамұратов.

Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаровтың айтуынша, бұл салаға 589 млн бекітіліпті. Басқарма басшысы «Жасыл ел» жасағы бойынша қосымша 295 млн теңге қажет екенін жеткізді. Қала бюджетін талқылау осы апта бойы жалғасады.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button