Жаңалықтар

Ынтымақтастық арнасы кеңейді

«Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедия­ров пен Санкт-Петербург Музыка үйі­нің жетекшісі, Ресейдің халық әртісі, профессор Сергей Ролдугин қос ел мәдениетінің дамуына себі тиетін ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Өнерде шекара болмайды деген сөз рас. Бұл құжат осы ұғымды тағы бір дәлелдейді. Қос өнер ордасының әріптестік мақсаты түрлі байқаулар мен шеберлік сабақтарын, тағылымдамаларды бірлесіп өткізіп, тәжірибе алмасуды көздейді.
Шара барысында театр ди­рек­торы Ғалым Ахмедияров: «Біз ұлттық өнеріміздің үздік туындыларын алыс-жақын шет мем­лекеттерге кеңірек таныс­тыруды алдымызға міндет етіп отырмыз. Осы бағытта Санкт-Петербург Музыка үйі­мен қолға алған жобаларды бірге жүзеге асыруға мүмкіндік туып отыр» деді.
Алдағы таңда ресейлік профессорлар еліміздегі музыкалық білім беру мекемелеріне шеберлік дәрістерін өткізуді жоспарлауда. Осы тамызда отандық үш дарынды жеткіншек Қырымдағы «Артек» лагеріне шақырылып отыр. Балалар ол жерде демалып қана қоймай, Еуропаның жетекші музыканттарымен жұмыс істейді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button