Елорда тынысы

Жәрдемақы мерзімі ұзартылды

Бала күтімі бойынша 4,5 мыңнан астам елордалықтың жәрдемақы мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтылды.

– Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұлғайту туралы тапсырма берді. Осылайша, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап босанған әйелдерге 1,5 жылға жәрдем­ақы тағайындады. Ал 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін жәрдемақы алып отырғандардың төлемі автоматты түрде тағы 6 айға ұзартылды, – деді Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының әлеуметтік сұрақтар бойынша орынбасары Дәмежан Садуақасова. Бұған дейін Қазақстанда бала күтімі бойынша жәрдемақы алатындардың зейнет­ақы жарналары субсидияланатыны айтылған еді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button