Қала тіршілігі

Жаңа инспектор жұмысына кірісті

Әр бейсенбі сайын Байқоңыр ауданының әкімі Нұрбол Нұрсағатов тұрғындарды онлайн әрі офлайн форматта қабылдайды. Кездесуде аудан тұрғындары әкіммен тікелей байланысқа шығып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтары мен ұсыныстарын жеткізе алады. Аудан әкімінің қабылдауы әр бейсенбі сайын сағат 15:00-17:00 аралығында өтеді.

[smartslider3 slider=753]

Осы аптаның ішінде Байқоңыр ауданының әкімі Нұрбол Нұрсағатов «Кирпичный» және «Қазқалашық» тұрғын алаптарының белсенділерімен кездесу өткізді. Кездесу кезінде тұрғындар тарапынан түскен мәселелерді анықтап, оның шешімін жеке бақылауына алды.
Сонымен бірге кездесуде Нұрбол Нұрсағатов тұрғындарға Байқоңыр ауданы әкімінің «Кирпичный» және «Қазқалашық» тұрғын алаптары бойынша жаңа инс­пекторы Жалғас Әлімбаевты таныстырды.

Аталған тұрғын алап тұр­ғындары өз мәселелерімен Жалғас Әлімбаевқа келесі нөмір арқылы хабарласа алады:+7 707 815 81 33.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button