Қала мен Сала

Жаңа камералар орнатылды

Астанада жаңа SOVA фото-бейнежазба камерасы пайда болды. Ол Қабанбай батыр даңғылы бойындағы автотұрақ аумағында орнатылды. Алғашқы камера сынақ режимінде жұмыс істеп тұр.

«Астана тұрақ кеңістігі» мекемесінің мәліметінше, бұл камера жол ережесін бұзудың 20-дан астам түрін, соның ішінде заңсыз тұрақ пен көліктің заңсыз тоқтауын да жаза алады.

SOVA – жол қозғалысы ережелерін бұзудың ­алуан түрін бақылайтын және оларды бірден тіркейтін интеллектуалды мониторинг жүйелерінің камерасы. «Ақылды» жабдық тәулік бойы жұмыс істейді, тіпті қараңғыда да заң бұзушылықтарды анықтайды және кузовтың кішкене бөлігінен-ақ көліктің түрін анықтай алады. Бұл ақпарат жасанды интеллект пен машиналық көру технологияларын қолдана отырып өңдейтін интеллек­туалды платформаға беріледі. Алынған ақпарат автоматты түрде құқық қорғау органдарына жіберіледі.

Қазір ол сынақ режимінде жұмыс істейді. Жаңа жабдықты қала билігі мақұлдаса, елордадағы коммуналдық автотұрақтардың қозғалыс өте көп жерлерінде де осындай камералар пайда болады.

«Астана тұрақ кеңістігі» компаниясының директоры Шыңғыс Досыбаев жаңа SOVA камерасының қызметі туралы қысқаша түсініктеме берді.

– Ережені бұза отырып қойылған бір көлік бүкіл қоз­ғалысты ұзақ уақытқа бөгеп тастауы мүмкін. Мұндай заң бұзушылықтарды онлайн режимде анықтау көліктерді заңсыз тоқтату немесе тұраққа қою санын азайтуға және қала көшелеріндегі көлік өткізу қабілетін ұлғайтуға мүмкіндік береді, – деді Шыңғыс Досыбаев.

Сонымен қатар SOVA камерасы жол белгілерінің жағдайын бақылайды және қала көшелеріндегі кептеліс пен көлік тұрақтары туралы статистика ақпаратын жинайды.

Камералар көшенің цифр­лық үлгісін көріп, көліктің белгілі бір бөліктерін басқа заттар уақытша жасырып тұрса да анықтайды.

Фото және бейнежазба камераларының техникалық жағдайын «Астана тұрақ кеңістігі» мекемесінің мамандары қадағалайды.

Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button