Жаңалықтар

Жаңа кезеңдегі қазақ тілі

 Жақында Мәдениет және спорт министрлігінің ұйытқы болуымен «Жаңа жаһандық кезеңдегі қазақ тілі» атты ІТ-жобалардың таныс­тырылымы өтті.

Жақында Мәдениет және спорт министрлігінің ұйытқы болуымен «Жаңа жаһандық кезеңдегі қазақ тілі» атты ІТ-жобалардың таныс­тырылымы өтті.
Бұл іс-шарада Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына ұлттық ғылыми-практикалық орталығы латын негізді қазақ әліпбиін үйретуге бағытталған заманауи инновация­лық технологиялар ұсынды. Қатысушыларға веб-порталдар мен платформалар, мобильді қосымшалар, іздестіру жүйелері, сондай-ақ анимациялық фильмдер, энциклопедия­лық, танымдық, әдістемелік және анықтамалық веб-сервистер көрсетілді.
Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Қуат Борашев «Qazlatyn» жобасында көпфунционалды конвертер жасақталғанын жеткізді.
Таныстырылым барысында Qazlatyn.kz порталы арқылы «Абай жолы» романы онлайн конвертер жүйесінде кириллицадан латын қарпіне 6 секундтың ішінде көшірілді. Дәлірек айтқанда, «Qazlatyn.kz ұлттық порталы пайдаланушыларға латын графикасына көшу кезеңдері жөніндегі мәліметтер мен ақпараттарды ұсынады. Порталдағы қазақ әліпбиінің емле ережесі бойынша дайындалған көпфункционалды конвертер мәтінді кириллден латынға, төте жазуға және керісінше аудару қызметтерін атқарады. Машиналық оқыту негізінде мемлекеттік тілді үйретуге арналған «Tilqural.kz веб-сервисі және қазақ тіліндегі 300 мыңнан астам сөздердің сипаттамасын көрсететін электронды «Sozdikqor.kz іздеу жүйесі ғаламтор кеңістігіне қосылды. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, ғалым Ардақ Бейсенбай аталған жобалар туралы кеңірек айтып берді.
Сонымен қатар ұйымдастырушылардың айтуынша, 3D форматта әзірленген «IQdos» мульт­фильмі мен латын әліпбиінде титр жасалып, дубляждалған «Селтең сері» анимациялық фильмі балаларға жаңа қазақ әліпбиін жылдам үйренуге мүмкіндік бермек.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button