ЖаңалықтарРуханият

ЖАҢА ЖЫЛДЫҢ ШАТТЫҒЫ

Біраз уақыттан бері өткізіліп келе жатқан «Астана – қайырымды қала» акция­сы жаңа жылдық шырша мерекесіне ұласты. «Сарыарқа» ойын-сауық орталығында мүмкіндігі шектеулі, көп балалы және тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларға арналған шырша тойы болды.

erm_6135

Аяз ата мен Ақшақар және әртүрлі мультфильмдер мен ертегілердің кейіпкерлері қатысқан шараға 5-13 жас аралығындағы 100-ден аса бүлдіршін қатысты. Оларға дәмі тіл үйірер тәт­тілер мен сыйлықтар тапсырылды.
«Астана – қайырымды қала» акциясы аясында өткізіліп отырған бұл шара Астана қаласы әкімдігіне қарасты Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өт­кізу дирекциясының ұйым­дастыруымен өткізілді. Қайырымдылық шарасына, сондай-ақ, елордалық кәсіпкерлер қолдау көрсеткен.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button