ӘлеуметЖаңалықтар

ҚАНДАЙ МУЛЬТФИЛЬМ КӨРІП ЖҮРМІЗ?

Психологтар балалардың қалыптасуына кері әсері бар мультфильмдердің тізімін жасапты. Олардың пікірінше, ресейлік арналарды жаулап алған «Маша мен аю» мультсериалы балалар үшін ең қауіпті болып саналады екен. Екінші орында – американың «Монстр Хай», үшінші орында «Губка Боб» мультсериалы тұр.

spanch-bob_1

Балалар үшін зиянды деп танылған мультфильмдерді тоқтатуға қауқарымыз шамалы. Оның ащы ішектей созылған сериялары толас­сыз беріліп жатады. Са­ғат­тап көрсетілетін фильм­дер­ді көрген сайын оның ке­йіп­керлерін де құдды отба­сы­мыздың бір мүшесіндей се­зінетініміз де рас. Содан да болар, теледидардың ішіне түсіп кететіндей телміріп қараған балаға да «қой» де­мейміз. Ал балаларымыз өзгеге еліктеп, өз болмысынан ажырап бара жатқанын да байқай бермейміз. Тіпті, тілі шықпаған сәбиіміз дәл «Машадай» бет-аузын қи­сайтып, ернін шүршитсе не «Монстр Хайдың» ке­йіп­­керлеріндей былапыт сөз­дерді қайталап айтып жатса, бетінен қақпай, керісінше, қылығына мәз боламыз.
Бұл жерде сәбидің кінәсі бар ма? Мамандар сәбилердің экранда көрсетілгеннің бә­рі­не сенетінін, өзіне ұна­ған кейіпкердің қылығын қай­талап, солардың сөзімен сөй­леуін әдетке айналдырып ала­тынын айтады. Әлбетте, жа­ғымды әсер ететін, баланың таным-түсінігін арттырып, бауырмалдық пен мейірімге тәрбиелейтін фильмдер де бар. Мәселе бала психикасына әсер ететін мультфильмдерді талғаммен таңдауда жатыр.
Ұлболған Байкенжеева, дәрігер: – Жас сәбиге кез келген шудың әсерін ескерген жөн. Бөлмеде теледидар қосылып тұрса да, баланың денсаулығына зияны бар. Сол себепті балаға екі жасқа толғанға дейін теледидар көруге тыйым салу керек. Екі жастан асқаннан кейін фильмдегі көріністер нақты, сөздері анық, жағымды әсері барларын ғана таңдап көрсеткен жөн. Теледидардан екі метр қашық отырып көру қажет. Егер баланың көзі қызарып, жасаурай бас­таса, теледидарды мүлдем көрсетуге болмайды.
Диана Сапарбекқызы, нев­ролог: – Ата-анасы көңіл бөлмейтін балалар көп уа­қытын теледидар алдында өткізетіні жасырын емес. Мұн­дайда балалардың белсен­ділігі азаяды. Ал сюжетті үзіп-жарып, жиі қайталанатын жарнама баланың әлі жетіл­меген психикасына кері әсер етеді. Яғни, мінез-құлқы өзгеріп, ұйқысы бұзылады. Баланың шығармашылық бас­таулары дамымай, талпы­нысы кемиді. Бала жасынан экрандағы көріністердің ба­қылаушысы болса, кейіннен өмірдегі оқиғаларға да бей-жай қарап, толыққанды өмір сүру негіздерінен ажырайды. Теледидарға телмірген баланың тілі кеш шығып, қатарларымен ойнап өскен баладан гөрі тілі қарабайыр, мінезі бұйығы келеді. Мұны ескеруіміз керек.
Міне, мамандардың пікірі осындай. Бірақ төріміздің бір бұрышын иемденіп алып, күн ұзағына сарнап тұратын теледидарды өмірімізден өші­ріп тастай алмаймыз. Тым болмағанда, дәрігерлердің ескертуін қаперге алу қажет. Одан бөлек, дәрігерлер теледидарды жантайып емес, отырып көру керек дейді. Қараңғы бөлмеде қарауға болмайды. Баланы жасынан планшет пен телефондарға
үңілуден тыйыңыз. Уақыт өте келе сәбиіңіздің қос жанары суалып, көр соқыр болып қалуы әбден мүмкін.
Сонымен, таңдау өз қо­лы­-ңызда. Қазақ «сынықтан өзгенің бәрі жұғады» дейді. Жас буын теледидардан көр­­генін қағып алып, соны қайталап жатса, бұл оның өс­кен­дігінің де, алғырлығының да белгісі емес екен. Күндердің күнінде сана-сезімі бөтен, тілі бұлдыр, өзіндік бет-бейнесі жоқ, суық мінезді бір кездегі мультфильм кейіпкерлерін
еске салатын ұрпақ болып шықса, таң қалмаңыз. Өйт­кені оның тәрбиесімен жас­та­йы­нан мультфильмдер айна­лыс­­қанын ұмытпаңыз.

Айгүл  УАЙСОВА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button