Ресмиет

Жарақаттан сақтанған жөн

Адамның жарақат алуы,  бұл – экономикалық жағынан миллиондаған шығын, ал, адам жағынан  – елестету қиын, жақындардың өмірден өтуі, бұл – қайғы-қасірет. Жарақаттану деңгейі сөзсіз елдің экономикалық дамуына байланысты. Президент пен Үкіметтің жүргізіп жатқан саясатының арқасында біздің республиканың экономикалық жағдайы жақсарып келеді. Қазақстан дүниежүзіндегі дамыған 50 ел қатарына кіруге ұмтылуда. Соңғы уақытта жарақаттанушылықпен күреске көп көңіл аударуда, конференциялар, семинарлар өткізіліп, бастысы қаражат бөлінуде. 

Астанаға қатысты айтатын болсақ, қалада жарақаттанушылық деңгейі соңғы жеті жылда тапжылмай өсуде, қала ауруханалары жарақаттан зақымданғандарға толық.
Қазіргі уақытта Астана үлкен құры­лыс алаңына айналып отыр, сондықтан да өндірістік жарақаттардың өсуі бай­қалуда. Құрылыста техника қауіпсіздігі сақталмайды, нұсқаулық жүргізілмейді, көбінесе нұсқаулық қол қоюмен шек­теледі.

Әртүрлі ағаш өңдейтін кәсіпорын­дардың көбеюі, жұмыс уақытында жұмыскерлердің қолы әртүрлі механизмдерге түсіп ауыр жарақаттар бой алуына әкеліп соқтырады. Қол саусақтарынан айы­рылу ең ауыр жарақат болып табылады. Өзіне-өзі қызмет көрсету мүм­кіндігінен айырылуы мүмкін.

Өндірістік жарақаттанудан мүгедек­тікке шығу қазіргі кезеңде бірінші орында. Ауа райына байланысты мезгілдік жарақаттанушылық бар. Қыста көктайғақ уақытында көліктердің өте жылдам жүру қозғалысы баяулайды, сондықтан қалада көлік апаты азаяды. Бұндай ке­зеңге кеуде, жеңіл бас-ми жарақаттары тән. Сонымен қатар қалааралық жолда болатын көлік апаты, қала ішіндегі түн­гі уақыттағы масаң күйде көлік жүргізу апаты. Қыс мезгілінде адамдар жұмыстан қайтқанда көшеде жарықтың жоқтығынан жүргіншілерді қағып кету сияқты жағдайсыз оқиғалары көбінесе қаланың шет аудандарында байқалады.

Жаз мезгілінде көліктердің жүру жыл­дамдығының өсуі байқалады, сон­дықтан бүл кезеңге жоғары энергиялы жарақаттар тән. Ауыр бас-ми жарақаттары, тірек-қимыл аппаратының көптеген жарақаттары, сонымен қатар ішкі ағзалардың зақымдануы байқалады.

Қазіргі кезеңдегі қаланың қоғамдық үрдісі гиподинамия болып табылады. Қоғамдық көлікте жүру, саябақ учас­келерінің санының азаюы, орга­низмнің белсенді қызметінің тө­мендеуі, остеопороздың даму қауіпін жоғарылатады. Остеопорозда сүйек тінінің массасы бірлік көлеміне тө­мендейді, сүйек тінінің құрылымы бұзылады және сынықтардың даму қауіпі жоғарлайды. Көбінесе, остеопороздық сынықтарға омыртқа, сан сүйегінің проксимальді бөлігі, кәрі жілік сүйегінің шет бөлігі шалдыққыш. Сүйек тіндерінде зат алмасудың бұзылуы дамыған мұн­дай сынықтарды емдеу қиындыққа соғады. Остеопороз салдарынан болатын сынықтардың алдын алу дене шынықтыру, дене белсенділігін арттыру болып табылады.

Жалпы, қалалық жарақаттанудың құры­лымы қиын. Өндірісте жоғары энергиялы сынықтар және жол оқиғалары нәтижелерінен болатын сынықтар, сонымен қатар остеопороз тәрізді төмен энергиялық сынықтар кездеседі. Әрбір жарақаттан емдеудің және алдын алудың өзіндік ерекшеліктерін травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты қарастырады.

Ерік РАЙМАҒАМБЕТОВ,
Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты
№5 ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button