Жаңалықтар

Жас отбасылар сайысы

IMG_3231

«Ұлттық медициналық холдинг» АҚ жанындағы филиалының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына арналған «Отан отбасынан басталады» атты отбасылық сайыс өтті. Отбасы мәртебесін өсіріп, оларға қолдау көрсетуге бағытталған байқауға барлығы алты отбасы қатысты. Олар Еңсебаевтар, Бамышевтар,­ Тажығалиевтар, Нұрғалиевтар, Қарсақбаев және Қалибековтар отбасы.

IMG_3218Іс-шарада алғашқы болып сөз алған ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комис­сия­ның төрайымы  Махаббат Бекбосынова: «Әке, ана, бала арасындағы байланысты нығайту үшін, отбасы құндылығын берік ету үшін мұндай шараны өткізудің маңызы зор» деді.

Сайыста ата-аналардан бастап үш жастағы был­дыр­ла­ған балдырғандар да өнер көрсетті. Бүлдіршіндердің бірі домбырада, бірі тақпақ айтып, енді бірі келістіріп би биледі. Қай топ болмасын, жеңіске жету жолында намысқа тырысып, өздерінің мықтылығын дәлелдеу үшін барын салып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жеңімпаз отбасылар бағалы сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен марапатталды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button