Елорда тынысы

Жастарды жұмыспен қамту маңызды

Кезекті рет ұйымдастырылған бос жұмыс орны жәрмеңкесінде жастардың жастар практикасы арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндігі айтылды.

Астанада Халықты жұмыспен қамту орталығы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткен іс-шара елордалық жастар көптеп қатысты.

Президент Қ.Тоқаев: «Ел игілігі үшін еңбек еткісі келетін білімді, дарынды азаматтар әр аймақта бар. Оларға жол ашу – мемлекеттің міндеті» деген болатын. Аталған жәрмеңке Мемлекет басшысының осы тапсырмасына орай мемлекеттік аппаратқа бойында көшбасшылық қасиеті бар талапты жастарды тартуды көздейді.

Жәрмеңке барысында департамент қызметкерлері жастардың бағдарлама арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы кеңінен түсінік берді. Сондай-ақ жастарға мемлекеттік қызметке орналасу ережелері таныстырылып, мемлекеттік қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы және мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесінің пилоттық режимде іске қосылғаны жөнінде ақпарат берді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button