Жаңалықтар

Жедел жәрдемге қоңырау азайды

Елордада жедел жәрдем стансасына КВИ бойынша шақыр­тулар 500-ден 6-ға дейін азайғаны белгілі болды. Қала тұрғындарынан түскен өтініштердің жалпы саны тәулігіне 3 мыңнан 1 мыңға дейін төмендеген.Бас шаһарда коронавирус пен пневмонияның төмендеуіне байланысты науқастарды емдейтін стационарлар босатылады. Ауруханаға жатқызылғандардың саны бір жарым айда 10 есе азайды. Тиісінше, төсек қорының жүктемесі 99 пайыздан 17,2 пайызға дейін кеміді. Стационарлардағы КВИ расталып, ауруханаға жатқызылған науқастар саны 2000-нан 137-ге дейін (14 есе), пневмониямен ауырғандар саны 1333-тен 198-ге дейін (7 есе) азайған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button