Жаңалықтар

«Жедел жәрдемнің» жүгі жеңіл емес

Кеше Астана қаласы Жедел медициналық жәрдем стансасында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтіп, арнайы экскурсия ұйымдас­тырылды.

Алдымен диспетчерлік бөлімнің жұмысы таныстырылды. Мұнда тәулігіне 2500-3000 қоңырау түссе, оған күніне бар болғаны 10-15 диспетчер жауап береді екен.
– Шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу барысында Израиль елімен салыстырғанда бізде шақыртулардың өте көп екенін анықтадық. Мысалы, күніне 65 бригада 1500-1600 шақыртуға барса, науқастардың 35 пайызы ғана ауруханаларға жеткізіледі. Қалғанына өздерінің емханаларына баруға кеңес беріледі. Демек, өміріне қауіп төнбей, өзін жайсыз сезініп тұрса да, бізде жедел жәрдем көмегіне жүгіне береді, – дейді Жедел медициналық жәрдем стансасының диспетчерлік бөлім меңгерушісі Бота Сәдетхан.
Баспасөз туры барысында анестезио­лог-реаниматолог дәрігер, «Астана» оқыту-емханалық орталығының нұсқау­шысы Руслан Жампозов жедел жәрдем мамандары жеткенше қандай шаралар қолдану керектігі жайлы шеберлік сабақ өткізді. Оның айтуынша, тек медицина мамандары ғана емес, әр адам алғашқы көмек көрсете білуі тиіс. Мысалы, АҚШ пен Еуропа елдерінде бұл жағы жолға қойылған. Егер бұл тәжірибе біздің елде жүзеге асырылса, Қазақстандағы өлім-жітім санының 20 пайызға азаятынын айтады анестезиолог-реаниматолог.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Бір пікір

  1. Құдай сақтасын. Жедел жәрдем қызметкерлерінің жүгі ауыр. Жауапкершілік қанша. Ауырып тұрған науқас қысылған соң шақырады. Тағдырына жауапты сәттер болады. Сол сәтте медицина маманы өз ісіне жауапты қарағаны жөн.

Пікір үстеу

Back to top button