Sport

Жеңіс тұғырында – елордалық қыздар

Астана қаласының 20 жылдығы аясында бокстан әйелдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында елорда құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орыннан көрінді. Астана арулары 3 алтын, 2 қола медаль жеңіп алды.

Астана төрінде өткен ұлттық біріншілікте еліміздің маңдайалды боксшылары түгелдей қатысты. Олимпиада ойындарының жүл­де­гері мен әлем чемпиондары шаршы алаңның шаңын қақты. Сондықтан да бұл жолғы Қазақстан біріншілігінде «жан алып, жан беріскен» бәсекелер көп болды.
Чемпионат қорытындысында 2 алтын, 1 күміс және 4 қола ме­даль ал­ған Алматы қаласы құра­масы, ал 2 алтын және 2 қола медаль алған Ақ­мола облысының құрамасы ко­мандалық үшінші орынға ие болды.
Республика біріншілігінде топ жарған боксшы арулар енді биыл күзде Үндістанда өтетін әлем чемпионатына дайындалады.

2018 жылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

48 келі
1. Әйгерім Қасенаева (Ақмола облысы)
2. Алуа Балқыбекова (Жамбыл облысы)
3. Ақерке Құсайынова (Алматы), Алина Тұрлыбаева (Павлодар облысы)
51 келі
1. Назым Қызайбай (Алматы)
2. Жайна Шекербекова (ОҚО)
3. Ангелина Лукас (ОҚО), Дариға Пшенчинова (ШҚО)
54 келі
1. Дина Жоламан (Ақмола облысы)
2. Аида Тұяқбай (ОҚО)
3. Рано Пархатова (Алматы), Балауса Муздиман (Алматы облысы)
57 келі
1. Сәния Сұлтанқызы (Астана)
2. Назым Ищанова (Атырау облысы)
3. Владислава Кухта (Қостанай облысы), Дәметкен Келімбет (Қызыл­орда облысы)
60 келі
1. Римма Волосенко (Астана)
2. Айжан Қожабекова (Қара­ғанды облысы)
3. Карина Ибрагимова (Ақмола облысы), Жанна Баскаева (Маң­ғыстау облысы)
64 келі
1. Милана Сафронова (Қара­ғанды облысы)
2. Мадина Нұршаева (ОҚО)
3. Ләйла Құсайынова (Жамбыл облысы), Сандуғаш Әбілхан (Жамбыл облысы)
69 келі
1. Ақерке Бақытжан (Қызылорда облысы)
2. Баян Ақбаева (Алматы облысы)
3. Әлия Абдрайымова (Астана), Шынар Юлдашева (Атырау облысы)
75 келі
1. Дариға Шакимова (Алматы облысы)
2. Аида Ондаш (Қызылорда облысы)
3. Сәния Әлжанова (Ақтөбе облысы), Салтанат Естаева (ОҚО)
81 келі
1. Фарида Шолтай (ОҚО)
2. Анастасия Рылина (Қостанай облысы)
3. Мөлдір Базарбаева (Ақмола облысы), Алтын Мұқышпекова (Астана)
+ 81 келі
1. Ләззат Күнгейбаева (Астана)
2. Умида Садықова (Алматы)
3. Надира Маратова (Алматы), Ақбота Исақұлова (Қарағанды облысы)

 

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button