Жаңалықтар

Жеңіспен орал, «Астана»!

r3J5oFiebD4

Кеше «Астана»  футбол  командасы  Кипр еліне аттанды. УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф бәсекесіне түскен астаналықтар 26 тамыздың түнінде Никосия қаласында жергілікті «Апоэл» командасымен қарымта ойын өткізеді. Бұл  матчтың тікелей репортажы Астанадағы «Қазмедиа» орталығының үлкен экранынан көрсетілетін болады.

Қарымта ойынға жүргелі тұрған команда ойыншыларымен Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков  кездесті. Чемпиондар лигасының плей-офф бәсекесінің бірінші ойынында Кипр чемпионы «Апоэл» командасын ұтқан астаналық футболшыларға алғыс айтып,  қарымта ойында сәттілік тіледі.

– Өз алаңымыздағы ойынды жеңгенімізбен, осы жеңісті сақтап қалып, тарихи жетістікке қол жеткізіу – Чемпиондар лигасының топтық турниріне өту қалды. Ендігі мақсат осы. Сіздердің осыған дейінгі жеңістеріңіз барлық астаналықтар үшін біріктіруші фактор және мереке болды. Стадионға отыз мың жанкүйердің жиналғаны – соның айғағы. Бұл жетістіктер «Астана» командасының еуропалық масштабтағы клуб деңгейіне көтерілгенін көрсетеді, – деді елорда басшысы футболшылармен кездескен сәтінде.

«Астана» командасы кеше кешкісін Никосияға аман-есен жетті. Олар екі күн жергілікті жағдайға бой үйретіп, сәрсенбіде шешуші ойынға шығады. «Астана Арена» стадионында өткен бірінші ойында біздің команда 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Енді, қарымта ойыннан кейінгі нәтиже бойынша Чемпиондар лигасының топтық турниріне қай команданың өтетіні белгілі болады.

 «Астанаға» қолдау білдірейік, ағайын!

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button