Жаңалықтар

Жиырма жетінші «Жас қанат»

Кеше Астанада «Жас қанат-2018» жас орындаушылардың ХХVIІ республикалық байқауы ашылды. 27 мамырға дейін жалғасатын байқауда осы жолы Астана, Алматы, Тараз, Қарағанды, Петропавл, Орал қалалары мен Ақтөбе облысынан 12 әнші өнер жарыстырады.

Астананың атынан байқау­ға Диас Кәрімжанов, Бақ­тияр­ Ақылбек және Замира Сағадиева қатысып жатыр. «Жас қанаттың» бірінші конкурстық күнін оралдық Риза Мағзом ашып, тараздық Сәуле Тыныштықова түйіндеді. Жеңімпаздар 27 мамыр күні анықталады. Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында екінші конкурстық күнін және ертең аталмыш орында финалды тамашалауға болады.
Биылғы байқау шеңберінде «Арманға қарай бір қадам» атты арнайы жоба ұйымдас­тырылады. Оған қатысатын қарағандылық Өркен Миров, қызылордалық Ақбота Құснадин және елордалық Рауан Мейрамбекқызы мен Тоғжан Қали үлкен сахнадан ән салуға және «Жас қанат-2019» байқауына қатысуға мүмкіндік алады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button